Референдум-2026

ҚазАвтоЖол: республикалық жолдарда 1 114 санитарлық торап жұмыс істеп тұр

14 тамыз, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
ҚазАвтоЖол: республикалық жолдарда 1 114 санитарлық торап жұмыс істеп тұр
Фото: ҚазАвтоЖол

Бүгінде республикалық маңызы бар автокөлік жолдарындағы демалыс алаңдарында 1 114 санитарлық-гигиеналық торап бар. Оның 180-і жылы, 934-і суық санитарлық торап, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚазАвтоЖол-ға сілтеме жасап.

Компания мәліметінше, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып келеді. 2025 жылы 37 санитарлық-гигиеналық торап бар орнатылса, 2026 жылдың соңына дейін тағы 13 жылы санитарлық торапты іске қосу жоспарланған. Жаңа нысандар жолдағы көлік қозғалысының қарқындылығы, учаскенің ерекшелігі және жол пайдаланушылардың қажеттілігі ескеріле отырып орналастырылады.

Сонымен қатар республикалық маңызы бар жолдардың бойында 1 443 жол бойындағы сервис нысаны орналасқан. Олардың қатарында жанармай құю станциялары, тамақтану орындары, кемпингтер және орналастыру орындары бар. Бұл нысандарда да санитарлық тораптар қарастырылған.

«Санитарлық нысандардың тазалығы мен жағдайы тұрақты бақылауда. Оларды күтіп-ұстау жұмыстарын «ҚАЖсервис» қызметкерлері, сондай-ақ жеке нысандардың иелері мен жалға алушылар үнемі жүргізеді. Тазалау жиілігі көлік қозғалысының қарқындылығы мен келушілер санына қарай байланысты», - делінген хабарламада.

Жол пайдаланушылардың кері байланысы да маңызды. 2025 жылы санитарлық тораптардың жағдайына қатысты 224 өтініш пен шағым түссе, 2026 жылы 186 пікір тіркелген. Мәселелерді хабарлау үшін 1403 байланыс орталығы, сондай-ақ WhatsApp, Telegram және басқа да байланыс арналары жұмыс істейді. Санитарлық нысандарда кері байланысқа арналған QR-кодтар да орналастырылған.

Сонымен бірге санитарлық тораптарды пайдалану мәдениеті де маңызды. Нысандарда вандализм, жабдықтарды бүлдіру, сабын мен дәретхана қағазы сияқты шығыс материалдарын алып кету жағдайлары кездеседі. Мұндай фактілердің алдын алу үшін бейнебақылау орнатылып, демалыс алаңдары күнделікті патрульденеді.

ҚазАвтоЖол жол бойындағы тазалық пен тәртіп – тек жол қызметтерінің емес, әрбір жол пайдаланушының ортақ жауапкершілігі екенін еске салды. Санитарлық нысандарды ұқыпты пайдалану арқылы жолаушылар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға болатынын мәлімдеді.

Еске салсақ, елордада Алматы көшесі жыл соңына дейін жабылады.