Референдум-2026

Елордада Алматы көшесі жыл соңына дейін жабылады

Елордада Алматы көшесі жыл соңына дейін жабылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Елордада Алматы көшесінің Түркістан көшесінен Мәнгілік ел данғылына дейінгі аралығы 15 тамыздан бастап жыл соңына дейін жабылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш учаскеде «Мәңгілік ел даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі аралықта Алматы көшесі бойымен көлік тоннелін салу» жобасы жүргізіледі. СОндықтан көлік қозғалысы толықтай жабылады. алайда Алматы көшесі мен Түркістан көшесінің, Алматы көшесі мен Мәнгілік Ел даңғылының қиылыстары ашық болады.

Осы бағытта жүретін жүргізушілер маршрутын алдын ала жоспарлап алуы қажет. Құрылыс барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгісі орнатылады.

Еске сала кетсек, Астанадағы Шыңғыс Айтматов көшесінде жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы 12 күнге ішінара жабылады.