Референдум-2026

Астанада Шыңғыс Айтматов көшесінде көлік қозғалысы ішінара жабылады

Астанада Шыңғыс Айтматов көшесінде көлік қозғалысы ішінара жабылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Шыңғыс Айтматов көшесінде көлік қозғалысы 12 күнге ішінара жабылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Көшенің Ұлы дала даңғылынан Сығанак көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсемінің жоғарғы қабаты ауыстырылады. Осыған байланысты, 12-24 тамыз аралығында аталған учаскедегі көлік қозғалысы ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік қозғалысы жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер баратын бағытын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастырудағы өзгерістерді ескеру тиіс. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.