Қазақстанның жас жол инспекторлары халықаралық байқауда бірінші орын алды

Бүгін, 11:47
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстанның жас жол инспекторлары халықаралық байқауда бірінші орын алды
Фото: ІІМ

Қазақстанның жас жол инспекторлары командасы Беларусь Республикасының Брест қаласында өткен 53-республикалық слет-байқауда бірінші орын алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық шараға Беларусь, Қазақстан және Ресейдің үздік командалары қатысты. Слеттің ашылу салтанаты «Брестская крепость-герой» мемориалдық кешенінде өтті.

Бірнеше күн бойы қатысушылар жол қозғалысы ережелерін білу, алғашқы медициналық көмек көрсету, велосипедті мәнерлеп жүргізу, қозғалысты реттеу дағдылары бойынша сынға түсті.

Сонымен қатар олар жол қауіпсіздігіне арналған шығармашылық жобалар мен оқыту бағдарламаларын таныстырды. Ең тартысты кезеңдердің бірі ересек қатысушылар арасындағы электрлі самокаттардағы мобильді эстафетасы болды.

Байқау кезеңдерінің қорытындысы бойынша Қазақстан командасы жоғары дайындық, кәсіби тәжірибелік дағдыларын және ұйымшылдық көрсетіп, жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.

Байқау бағдарламасынан бөлек қатысушылар үшін Беларусьтің тарихи және мәдени көрікті жерлеріне экскурсиялар ұйымдастырылды.

Еске сала кетейік, ІІМ бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салынатынын ескертті.