Қазақстандық мергендер Азия чемпионатында рекордтарды жаңартты

Бүгін, 12:24
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстандық мергендер Азия чемпионатында рекордтарды жаңартты
Фото: instagram.com/odo_astana

Стенд ату Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында әлемдік және азиялық рекордтарды жаңартты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы ересектер және жастар арасындағы жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді. Екінші орынға Қатар құрамасы 8 медальмен, ал үшінші орынға Кувейт командасы 7 медальмен шықты.

Чемпионат барысында Қазақстан спортшылары – Эдуард Эщенко, Адель Садақбаева және Элеонора Ибрагимова ерекше көзге түсті.

Олар жарыс барысында әлемдік және азиялық рекордтарды жаңартты.

Жалпы, Қазақстан құрамасы 14 медаль жеңіп алды, оның ішінде:

- 5 алтын,

- 4 күміс,

- 5 қола.

Жарысқа 17 елден 196 спортшы қатысты.

Чемпионаттағы ерекше жетістік – үш әлемдік және азиялық рекордтың орнатылуы. Бұл жоғары кәсібилікті ғана емес, сонымен қатар бапкерлік құрамның тиімді және үйлесімді жұмыс істейтінін айқын көрсетеді.