06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстандық банктер исламдық өнімдерді ұсынуы мүмкін

|
Photo: freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстандық банктер исламдық өнімдерді ұсынуы мүмкін

|
Photo: freepik.com

Қазақстандық банктерге исламдық банк операцияларын жүргізу құқығы берілуі мүмкін. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Аталған норма «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заң жобасында таныстырылды.

Агенттік төрағасы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, қаржыландыруды жүзеге асыру үшін банктерге бөлек лицензия алудың қажеті жоқ. Тек банк ішінен «исламдық бөлімше» ашу арқылы жұмыс істеуге болады. 

«Аталған нормалар банктерге жеке банк құрмай, өз жүйесінде арнайы бөлімшелер құру арқылы ислам өнімдерін ұсынуға мүмкіндік береді. Қаржыландырудың балама тетіктерін дамыту үшін әмбебап банктерге қолда бар лицензия аясында исламдық банк операцияларын жүзеге асыру құқығын беру көзделеді», – деді Мәжіліс отырысында агенттік төрағасы.

Тиісті норма енгізілсе, банктердегі «исламдық бөлімшелерде» барлық өнім мен қызметті шариғат кеңесі қадағалайды. 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗