Қазақстандағы жолбарысты қайта жерсіндіру жобасына ресейлік мамандар баға берді
Қазақстанда жолбарысты қайта жерсіндіру жобасын жүзеге асыру аясында Ресей Федерациясының мамандары жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сапар барысында ресейлік сарапшылар Алматы облысындағы «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы жолбарысты қайта жерсіндіру орталығында болып, жобаның іске асырылу барысымен танысты.

Сондай-ақ олар Қазақстанда жолбарысты қайта жерсіндіру мәселелері жөніндегі мемлекетаралық жұмыс тобының отырысына қатысып, жобаны одан әрі тиімді жүзеге асыру бағытындағы өз ұсыныстарын ортаға салды.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша ресейлік мамандар жолбарыстарды табиғи мекендеу ортасына жіберуге дайындық жұмыстарын жетілдіру және жобаны табысты іске асыруға қатысты бірқатар ұсыным берді.
Бұған дейін хайуанаттар бағындағы жолбарыс шөнжігінің атын тұрғындар таңдағанын жазған болатынбыз.