Қазақстанда нәресте өлімі 18,7 пайызға төмендеді – ДСМ

Бүгін, 09:16
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстанда нәресте өлімі 18,7 пайызға төмендеді – ДСМ
Фото: freepik.com

Қазақстанда жалпы және нәресте өлімінің төмендеуін, сондай-ақ күтілетін өмір сүру ұзақтығының өсуін қоса алғанда, халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерінің тұрақты оң динамикасы тіркелді, деп хабарлады Elordainfo.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл нәтижелер денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруды көрсетеді.

«Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша халықтың жалпы өлімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға, нәресте өлімі 18,7%-ға төмендеді», - делінген хабарламада.

Дүниежүзілік Банктің деректері бойынша Қазақстан осы көрсеткіш бойынша Орталық Азия елдерінің арасында көшбасшы болып, 2024 жылдың қорытындысы бойынша 75,4 жас деңгейіне жетті.

Сонымен қатар БҰҰ-ның Адами даму индексі бойынша 2025 жылғы Даму бағдарламасының есебіне сәйкес өткен жылмен салыстырғанда өз позициясын 7 тармаққа жақсарта отырып, Қазақстан 193 елдің ішінде 60-шы орынға ие болды.

Бұған дейін емханаларда даму ерекшелігі бар балаларға ерте жастан көмек көрсететін 290 орталық ашылғанын жазған болатынбыз.