Еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру үшін Әзербайжанға дейін байланыс желісін салу жөніндегі ірі халықаралық жобаны жүзеге асыру басталды. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы стратегиялық мәртебеге ие және халықаралық интернет-трафик транзитінде маңызды рөл атқарады. Транзиттік әлеуетті арттыру мақсатында Каспий теңізінің түбімен Әзербайжан Республикасына дейін оптикалық кабель құрылысын іске асыру басталды. Жобаны ағымдағы жылдың 3 тоқсанында аяқтау жоспарлануда», - деді Жаслан Мәдиев.
Еске салайық, бұдан бұрын Қазақстанның 20 қаласында 5G желісін қамту 75%-ға дейін кеңейтілетінін жаздық.