Қазақстанның 20 қаласында 5G желісін қамту 75%-ға дейін кеңейтіледі – Жаслан Мәдиев

6 қаңтар, 2026
Гүлден Мәдениет Гүлден Мәдениет
Қазақстанның 20 қаласында 5G желісін қамту 75%-ға дейін кеңейтіледі – Жаслан Мәдиев
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Бесінші буынның ұялы байланысын дамыту цифрлық трансформацияның басымдықтарының бірі болып қала береді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев баяндады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Бүгінгі таңда 5G желісі еліміздің 20 қаласында қолжетімді. Осы жылы базалық стансаларды орнату жұмыстары жалғасатын болады.
Осы қалалар аумағының 75%-на дейін қамту үшін жаңа 5G базалық стансаларын орнату жұмыстары жалғастырылатын болады. Сондай-ақ автожолдарды мобильді байланыспен қамту бойынша жоба іске қосылды. Бұл республикалық және облыстық маңызы бар 40 мың шақырым жолды құрайды. Жобаны алдағы екі жылда аяқтау жоспарлануда, - деді вице-премьер.