Қазақстан мен Түркия президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды

Қазақстан мен Түркия президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоғанға еліміздегі басты технологиялық хабқа айналуды көздейтін орталықтың әлеуеті таныстырылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев екі ел басшыларына музей экспозициясы мен ЖИ-кинотеатрын көрсетіп, орталықтың ұзақмерзімді даму стратегиясы туралы мәлімет берді. 

Сонымен қатар президенттерге Astana Smart City жобасы жөнінде баяндалды.