Референдум-2026

Қазақстан мен Кения президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді

20 мамыр, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қазақстан мен Кения президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кения Президенті Уильям Руто Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барып, елдің басты технологиялық хабы саналатын кешеннің әлеуетімен танысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мемлекеттер басшыларына музей экспозициясы мен ЖИ-кинотеатрын көрсетіп, орталықтың ұзақмерзімді даму стратегиясы туралы мәлімет берді.

Президенттерге Astana Smart City жүйесі және оның бейнеталдау, қоғамдық қауіпсіздік, көлік ағыны мен қалалық қызметтерді онлайн режимде үйлестіру салаларындағы мүмкіндіктері баяндалды.