Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Бішкек қаласына барды

Бүгін, 17:13
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Бішкек қаласына барды
Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және «ШЫҰ+» форматындағы кездесуге қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанатына қатысады.

Қазақстан Президентін «Манас» әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.

Бұған дейін Президент Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаеваны қабылдағанын жаздық.