Президент Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады
6 мамыр, 2026
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қытайдың Хунань өлкесіндегі пиротехникалық зауытта орын алған жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазған.
Президент жақындарынан айырылған отбасыларға сабыр, ал жарақат алған адамдардың сауығып кетулеріне тілектестік білдірді.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Кенжебай Мәденовке (марқұм) «Халық қаһарманы» атағы берілді.
Ұқсас жаңалықтар
14 мамыр, 2026
Тоқаев пен Ердоған Ясауи атындағы мектептің ашылу рәсіміне қатысты
8 мамыр, 2026
Ақтау – Үрімжі бағытында жаңа халықаралық рейс ашылады
26 сәуір, 2026
Қазақстан бітімгерлері Сирияда гуманитарлық акция өткізді
17 сәуір, 2026
Қазақстан спутниктен алынған деректерді экспортқа шығарып жатыр ма