Қасым-Жомарт Тоқаев Португалия Президентін құттықтады

Бүгін, 10:48
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қасым-Жомарт Тоқаев Португалия Президентін құттықтады
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Антониу Жозе Мартинш Сегуру мен оның отандастарын осы елдің ұлттық мерекесі – Португалия күнімен құттықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент айтулы мейрам қарсаңында Португалияның 2027-2028 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануын аталған елдің жаһандық бейбітшілік және қауіпсіздікті нығайту жолындағы маңызды рөліне көрсетілген зор құрмет пен жоғары халықаралық сенімінің көрінісі деп атап өткен.

Мемлекет басшысы сан қырлы байланыс халықтарымыздың игілігі үшін беки түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Португалия Президентінің жауапты қызметіне толайым табыс, ал халқына өркендеу мен құт-береке тіледі.