Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтықтың жаңа фактілері туралы ескертті
Алаяқтар енді қаржылық мониторинг агенттігі ресми өкілінің бейнесін пайдалану арқылы заңсыз ақша табудың схемасын ойлап тапқан. Дипфейк видеоларында «жәбірленуші инвестордың» жалған оқиғасы баяндалып, қаражатты қайтару мүмкіндігі көрсетіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz агенттіктің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.
Онда қаражатты салғанна кейін, кірістің жоғарылап жатқаны көрсетіледі, бірақ ақшаны алу үшін комиссиялар, салықтар және «тексерістер» төлеу талап етіледі. Бірнеше аударымнан кейін де қаражатқа қол жеткізу бұғатталады.
Одан бөлек, бұғатталған ақшаны банк және реттеуші органдар арқылы мүмкіндігі айтылады да, қолданушыға көмекке жүгіну ұсынылады. «Толығырақ» батырмасы «халық заңгері» деп аталатын чатқа апарады, онда қаражатты қайтару туралы жалған хат алмасу көрсетіледі.
Сонымен қатар, алаяқтар Агенттік атынан жалған сайттар жасап, онда «жәбірленушілердің ақшасын қайтару» туралы ақпарат жариялаған.
Мұнда сілтемеге өту кезінде пайдаланушылардан сауалнама толтыру сұралады (мысалы, «ақшаңызды қанша уақыт бұрын жоғалттыңыз?» деген сұраққа жауап беру). Кейін жеке мәліметтер — аты-жөні, телефон нөмірі, электрондық пошта енгізіліп, «қайтару процесін бастау» батырмасын басу ұсынылады.
«Барлық осындай сайттар, сауалнамалар және формалар алаяқтық схемасы екенін ескертеміз, олар азаматтардың жеке мәліметтерін жинап, қаражатты иемденуге бағытталған», - делінген хабарламада.
Құзырлы орган ақпараттың шынайылылығын тексеру үшін Қаржылық мониторинг агенттігіне немесе өзіңіздің тұрғылықты жеріңіздегі Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарласуға кеңес береді.
Сондай-ақ, агенттік азаматтарды сақ болуға, ақпаратты ресми дереккөздерден тексеруге және алаяқтардың сақ болуға шақырады.
Еске салайық, бұған дейін 23 жастағы астаналық алаяқтық күдігімен ұсталғаны туралы жаздық.