Қарағандыда жер қазу жұмыстары кезінде жұмысшыны топырақ басып қалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ мәліметінше, оқиға кеше Қазыбек би ауданындағы Молоков көшесінде болған. Кәріз жүйесін жүргізу кезінде 2003 жылғы ер адамды топырақ астында қалып қойған.
Оқиға орнына жеткен ТЖМ Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері басқа жұмысшылармен бірге ер адамды су мен топыраққа толған траншеядан алып шықты.
Құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін ер адам жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.