Қарағанды облысында жаңа Конституция жобасы Брайль қарпімен басылып шықты

4 наурыз, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қарағанды облысында жаңа Конституция жобасы Брайль қарпімен басылып шықты
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысында жаңа Конституциясы жобасы Брайль қарпімен басылып, көпшілікке таныстырылды. Ерекше басылым облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада таныстырылды. Жоба облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып, ақпаратқа тең қолжетімділікті қамтамасыз етудегі маңызды қадамға айналды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Басылымды дайындауға арнайы кітапхана мамандары қатысып, Брайль қарпімен басып шығаруға арналған тифлотехника мен жабдықтарды пайдаланды.

«Бізде Брайль қарпімен басып шығаратын арнайы принтерлер бар. Қазақ және орыс тілдерінде басып шығару мүмкіндігі қарастырылған. Конституция жобасын екі тілде де басып шығардық», – деді арнайы кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің басшысы Айжан Исина.

Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ғалымжан Өтелбайұлы жаңа Конституция жобасында адам құқықтары мен теңдік қағидаттарына ерекше назар аударылғанын атап өтті.

«Ең басты құндылық – адам. Конституцияның жаңа нұсқасында тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге басымдық берілген. Бұл – әділетті әрі инклюзивті қоғам құру жолындағы негізгі ұстаным», – деді ол.

Сондай-ақ, Қарағанды облысы әкімінің аппараты жанындағы гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесші Айжан Қиясова бастаманың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Бұл бастама қолжетімді әрі инклюзивті орта қалыптастырудағы маңызды қадам болды.