Қарағанды облысында екі мотоцикл соғылып, 2 адам қаза тапты

Қарағанды облысында екі мотоцикл соғылып, 2 адам қаза тапты
Қарағанды облысы ПД видеосының скриншоты

Қайғылы оқиға Шет ауданына қарасты Ағадыр кентінде кеше кешкі сағат 21:00 шамасында болған, деп хабарлайды Elordainfo.kz. Қарағанды облысы ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасында бір бағытта бара жатқан екі мотоцикл бір біріне соғылған. Жол апаты салдарынан мотоциклдердің 37 және 17 жастағы жүргізушілері оқиға орнында көз жұмды, тағы бір адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қарағанды облысының ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Бекзат Сәулембаевтың айтуынша, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалы жүргізіліп жатыр.

«Қарағанды облысының Полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол ережесін қатаң сақтауға, жылдамдықты шектен асырмауға және өз өмірі мен өзгелердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Әсіресе, мотоцикл жүргізушілеріне шлем киіп, арнайы жабдықты міндетті түрде пайдалану қажеттігін ескертеді», - деді Бекзат Сәулембаев.

Еске сала кетсек, таяуда Қостанай облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты.