Қостанай облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

Бүгін, 15:19
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қостанай облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
Фото: freepik.com

Қостанай-Әулиекөл-Сұрған тасжолында Mercedes пен ВАЗ көліктері бетпе-бет соқтығысты. Салдарынан төрт адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, Mercedes жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткен. Жол апатынан алты адам зардап шегіп, екеуі ауруханаға жеткізілді.

«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Полиция қылмыстық іс қозғап, оқиғаның себептерін анықтап жатыр», - делінген Қостанай облысы полиция департаментінің хабарламасында.

.Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда барынша мұқият болуға шақырады.

Еске сала кетейік, Астанада заңсыз қоқыс төккен жүргізушілер жауапқа тартылды.