«Қабірге ескерткіш орнатамын»: Астана тұрғынын алдаған алаяқ ұсталды

12 қараша, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
«Қабірге ескерткіш орнатамын»: Астана тұрғынын алдаған алаяқ ұсталды
freepik.com

Астанада алаяқтық фактісі бойынша полицияға жергілікті тұрғын жүгінді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Белгілі болғандай, күдікті әйел Instagram әлеуметтік желісі арқылы жәбірленушімен байланысқа шығып, «қабірге арналған ескерткіш жасап беремін» деп уәде берген.

Ол сенімге кіріп, алдын ала төлем ретінде 250 мың теңге алған. Алайда ақшаны алған соң уәде еткен жұмысын орындамай, жәбірленушімен байланысты үзген.

«Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басы анықталуда, тиісті шаралары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Полиция азаматтарды әлеуметтік желілер мен интернет арқылы ұсынылатын қызметтерге сенбеуге, күмәнді жарнамалар мен парақшаларға алданып қалмауға шақырады. Егер онлайн мәміле жасалатын болса, міндетті түрде сатушының немесе орындаушының сенімділігіне көз жеткізіп, ресми келісімшарт жасаған жөн.

Күмәнді хабарландырулар мен парақшаларды байқасаңыз дереу полицияға хабарлаңыз.