Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың иегерлері белгілі болды

Бүгін, 09:07
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың иегерлері белгілі болды
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы «2025 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Биыл жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлық:

- «Проза» номинациясы бойынша «Тергеуші» туындысы үшін Арман Ерланұлы Әлменбетке;

- «Поэзия» номинациясы бойынша «Құмдағы хикая» өлеңдер жинағы үшін Саян Кенжеғалиұлы Есжановқа;

- «Драматургия» номинациясы бойынша «Ақ киіз» драмалық шығармасы үшін Бауыржан Ширмединұлы Мұстафиевке;

- «Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша «Жазда атамның ауылында...» өлеңдер жинағы үшін Асылан Біржанұлы Тілегеновке берілді.