Президентке «Лукойл» компаниясының алдағы жоспары таныстырылды

Бүгін, 16:29
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Президентке «Лукойл» компаниясының алдағы жоспары таныстырылды
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовті қабылдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Лукойл» компаниясының Қазақстандағы қызметінің қорытындылары және таяу жылдарға арналған жоспары таныстырылды.

Кездесуде мұнай-газ саласындағы бірлескен жобалар аясында ынтымақтастықты одан әрі дамыту жайы талқыланды.

Еске сала кетейік, Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сауда көлемі 83 пайызға артты.