Президент Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады
3 қыркүйек, 2024
фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған министрге бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, спорт саласының барлық деңгейінде бірыңғай басқару вертикалін қалыптастыру, бапкерлер құрамын күшейту, саланы ғылыммен ұштастыру бағытында міндет жүктеді.
Президент министрден биыл маусым айында өткен Туризмді дамыту жөніндегі кеңесте берілген тапсырмалары бойынша нәтижелі жұмыс күтетінін айтты.
Ұқсас жаңалықтар
10 қаңтар, 2026
Дархан Жазықбай Президенттік жастар кадр резервінің мүшелерімен кездесу өткізді
7 қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рождество мерекесімен құттықтады
6 қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы конституциялық реформаның базалық тәсілдерін әзірлеуді тапсырды
5 қаңтар, 2026
Жасанды интеллектіні дамытуға Мемлекет басшысының өзі мән беріп отыр: Азаматхан Әміртай