Референдум-2026

Президент «Qazaqstan Barysy – 2026» жеңімпазын құттықтады

Бүгін, 12:07
Думан Аманжол Думан Аманжол
Президент «Qazaqstan Barysy – 2026» жеңімпазын құттықтады
Фото: Qazaqstan Barysy

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жантілек Нұртілепұлын «Qazaqstan Barysy – 2026» турниріндегі айқын жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды Elordainfo.kz 

«Президент бұл жетістік спортшының жеңіске деген ерік-жігері мен озық шеберлігінің айқын көрінісі екенін атап өтті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы мұндай беделді бәсекелер халқымыздың бірегей дәстүрлерін жаңғыртып, өскелең ұрпақты ұлттық спорт түрлерімен айналысуға ынталандыратынына назар аударды», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, Елімізде «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен жаңа құрметті атақ енгізіледі.