Президент: «Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды»

Президент: «Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды»
Фото: Ақорда

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия - Жапония» диалогының бірінші саммитінде сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Біз спорт саласындағы ықпалдастықты өркендетуге, ең әуелі жапонның дзюдо, сумо және кэндо секілді дәстүрлі жекпе-жек өнер түрлерін дәріптеуге әзірміз.

Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды.

Бұрнағы күні мен қазақтан шыққан белгілі сумошы Кимбозан Харукимен (Ерсін Балтағұл) таныстым.

Тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз алдағы уақытта да халықтарымыз арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтуға қызмет ете береді деп сенемін», - деді Президент. 

Еске салайық, бұдан бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Орталық Азия - Жапония» диалогының бірінші саммитінде сөз сөйлегені туралы хабарладық.