Президент Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратын құру туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратын құру туралы Жарлыққа қол қойды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты құрылды.

Еске салсақ, бүгін Президент Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне байланысты үндеу жасаған болатын.