Мемлекет басшысының өкімімен бұл лауазымға Азамат Кескінбаев тағайындалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Бақытжанұлы Кескінбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Көлік-логистика саласын дамыту бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған Ақорданың мәлімдемесінде.