05.12.2025
RU
Мәзір

Полиция қызметкерін қорлаған жасөспірімге сот үкімі шықты

|
Полиция қызметкерін қорлаған жасөспірімге сот үкімі шықты
Фото: Freepik.com

Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында полиция қызметкерін қорлаған жасөспірімге қатысты үкім шығарылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәмелетке толмаған сотталушы А. өзін мемлекеттік белгісі жоқ мотоциклді басқарғаны үшін ұстаған полиция қызметкерлеріне ар-намысы мен қадір-қасиетіне тиетін сөздермен балағаттап, видеоға түсіріп, бейнежазбаны «TikTok» әлеуметтік желісіне жариялағаны белгілі болды.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушыға 30 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Сотталушы А. кінәсін толық мойындап, жасаған іс-әрекетіне шын ниетпен өкінетінін айтты.

Қорғаушы сотталушының ұстанымын қолдады.

Сотталушының кінәсі оның мойындау жауаптарымен, жәбірленушілердің түсініктемелерімен, сот психологиялық-филологиялық және амбулаториялық сот психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындыларымен дәлелденді.
 
Сот сотталушының кәмелетке толмағандығын, кінәсін мойындап, істеген іс-әрекетіне шын ниетпен өкінгендігін, бұрын сотталмағандығын жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде таныды.

Сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сотталушы А. ҚР ҚК 378-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 30 (отыз) сағат қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза тағайындалды.
 
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін кәмелетке толмаған үш баласын азаптаған әкеге қатысты сот үкімі шыққанын жаздық.


 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗