Күннің суытуына байланысты жылыту құрылғылары мен электр желілеріне түсетін жүктеме артатыны белгілі. Осыған орай төтеншеліктер өрттің алдын алу және өзіңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін еске салды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Есте сақтаңыз:
-пештер мен жылыту құрылғыларын пайдаланбас бұрын олардың жарамдылығына көз жеткізіңіз;
-жанып тұрған пештер мен қосулы тұрған электр жылытқыштарын қараусыз қалдырмаңыз;
-электр желісіне шамадан тыс күш түсірмеңіз және ақауы бар электр құрылғыларын пайдаланбаңыз;
-қолдан жасалған жылыту құрылғыларын пайдаланбаңыз;
-балаларды пештер мен жылытқыштардың жанында қараусыз қалдырмаңыз;
-түтін мұржаларын күйеден уақтылы тазалап, олардың жарамдылығын тексеріңіз.
ТЖМ қарапайым қауіпсіздік ережелерін уақтылы сақтау арқылы өрттердің басым бөлігінің алдын алуға болатынын қаперге берді.
Еске салайық, бұған дейін елордада тұрғын үйлердің мұржалары тазартылып, түтін датчиктері орнатылғаны туралы жаздық.