08.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Полицейлер жас қыздың өмірін сақтап қалды

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Полицейлер жас қыздың өмірін сақтап қалды

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан

Алматы облысында полицейлер жас қыздың өмірін сақтап қалды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Аудандық  полиция бөлімінің "102" пультіне хабарлама түскен. Қыздың айтуынша, Қарғалы ауылында тұратын құрбысы өмірмен есеп айырысуға ниетті.

Аталған мекен-жай бойынша шақыртуға патрульдік полиция жасағы кезекшіліктегі Ернар Құттыбаев пен Нұрбол Картанбаев барды.

Оқиға орнына келген полицейлер үйдің есігі құлыптаулы екенін анықтады. Көп ойланбай, олар терезені сындырып, ішке кіруге шешім қабылдады. Бөлмелердің бірінде тәртіп сақшылар тамырларын кескен жас қызды тапты.

Полицейлер  жәбірленушіні дереу түрде ауыр жағдайда ауылдық ауруханаға жеткізді. Бақытына орай, дәрігерлер оның жағдайын тұрақтандыра алды, қазір ол жалпы бөлімге ауыстырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗