Пойыз жолсеріктері балаларды мерекемен құттықтады

Пойыз жолсеріктері балаларды мерекемен құттықтады
Фото: ҚТЖ

Балаларды қорғау күніне орай пойыз жолсеріктері жас жолаушыларды мерекемен құттықтап, оларға 1 мыңнан астам сыйлық боксын табыстады. Әр жиынтық ішінде ойыншықтар, бояу суреттері, түрлі-түсті қарындаш пен тәттілер салынды, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Жолаушылар тасымалы» компаниясына сілтеме жасап.

«Мерекелік көңіл күй қалыптастыру үшін вагон-мейрамханалар түрлі-түсті шармен безендірілді. Сонымен қатар, жолда балаларға арналған мультфильм мен ойын бағдарламасы бар мультимедия ойын-сауық порталы қолжетімді», делінген хабарламада.

Компания жыл сайын Балаларды қорғау күніне орай серіктесі — «Kaztechnology» ЖШС-мен бірлесіп, пойыздағы жас жолаушыларға сыйлық таратады. Мұндай игі шараларды өткізу компанияның дәстүріне айналған.

Еске сала кетсек, психолог Балабек Сақтағанов бала тәрбиесі, қазіргі қоғамдағы бала психологиясы және ата-ананың рөлі жайында ойларымен бөлісті.