Павлодарда бүйрегін 50 мың долларға сатпақ болған ресейлік жазаға тартылды

Павлодарда бүйрегін 50 мың долларға сатпақ болған ресейлік жазаға тартылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Тірі адамның ағзасына қатысты заңсыз мәміле жасау жөніндегі істі Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қарады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Павлодар облыстық сотына сілтеме жасап.

2024 жылы Ресей Федерациясының азаматшасы Telegram арқылы бүйрегін 50 мың АҚШ долларға сатуға келіскенін. Келісім бойынша трансплантациялау Павлодар қаласында жасалуы тиіс болатын. 2025 жылы әйел Қазақстанға келіп, медициналық тексеруден өтіп, 5 млн теңге көлемінде ақшаны алған. Содан кейін оны полиция қызметкерлері ұстады.

Сот Д.-ның кінәсін мойындауын, асырауында жас балаларының болуын ескеріп, 10 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алайда оның қамауда болған уақытты ескеріле отырып жаза өтелді деп танылып, әйел босатылды.
Еске салсақ, адам ағзаларын саудалаумен айналысқан күдікті Польшадан Қазақстанға экстрадицияланды