Қазақстандық спортшылар Өзбекстандағы елшілікте өз таңдауын жасады

15 наурыз, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қазақстандық спортшылар Өзбекстандағы елшілікте өз таңдауын жасады
Фото: ҚР Сыртқы істер министрлігі

Өзбекстандағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде өтіп жатқан республикалық референдумда Қазақстанның спортшылары да өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. 

Дауыс беруге Қазақстанның әйелдер ұлттық көгалдағы хоккей құрамасы, сондай-ақ Алматы облысының байдарка және каноэде есу командасы қатысты. Спортшылар референдумға қатысып, өздерінің азаматтық ұстанымын білдірді.

Еске салайық, бұған дейін елордадағы Алматы ауданында орналасқан №60 сайлау учаскесінде танымал спортшы, қазақстандық зілтемірші, әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильиннің дауыс бергені туралы жаздық.