Орталық Азиядағы алғашқы ел: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанның дәрі-дәрмек жүйесін мойындады

Орталық Азиядағы алғашқы ел: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанның дәрі-дәрмек жүйесін мойындады
Фото: freepik.com

Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дәрілік заттар мен импортталатын вакциналарды реттеу жүйесі бойынша мойындауына ие болған Орталық Азиядағы алғашқы ел атанды, деп хабарлайды Elordainfo.kz. Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне сілтеме жасап

Комитеттің мәліметінше, Maturity Level 3 (ML3) деңгейіне жету елдегі медициналық өнімдердің сапасы, қауіпсіздігі және тиімділігі халықаралық стандарттарға сәйкес екенін растайды.

«Бұл – дәрілік заттар мен вакциналардың қатаң бақылауда болуы, халықаралық талаптарға сәйкестігі, халықтың денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімі. Аталған нәтиже – денсаулық сақтау жүйесін нығайту және халық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті дәрілік препараттардың бағасын реттеудің жаңа тетігін енгізді.