Олжас Бектенов заңнамалық актілерді жаңа Цифрлық кодекске сәйкес келтіруді тапсырды
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, ілеспе заңнамалық актілерді әзірлеп шығаруды және салалық заңға тәуелді барлық құқықтық актілерді таяуда қабылданған Цифрлық кодекске сәйкес келтіруді тапсырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Парламент цифрландыруды дамытудың негізін қалыптастыруға бағытталған Цифрлық кодексті қабылдады.
Басқа да заңнамалық актілерге өзгерістер әзірлеп, Мәжіліске енгізу, сондай-ақ заңға тәуелді барлық салалық құқықтық актілерді сәйкестікке келтіру қажет.
Жүргізіліп жатқан заңнамалық өзгерістер бойынша IT-қоғамдастық пен жұртшылық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек, - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Еске салайық, бұдан бұрын былтыр IT-нарықтың кірісі шамамен 2 трлн теңгені құрағаны туралы жаздық.