Олжас Бектенов полимер шикізатын тұрақты түрде жеткізуді тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектенов қолжетімді полимер шикізатын жеткізудің ашық әрі тұрақты шарттарын қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында елімізде мұнай-газ химиясы өнімдерін өңдеу деңгейі төмен екенін атап өтті. Аталған сала өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа бағыттарды дамытуға негіз болуға тиіс», - деді Премьер-министр Үкімет отырысында.
Олжас Бектенов:
- Энергетика және Өнеркәсіп министрліктеріне «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, кейін отандық компаниялардың өңдеуіне қажетті ішкі нарыққа қолжетімді полимер шикізатын жеткізудің ашық әрі тұрақты шарттарын қамтамасыз етуді;
- Өнеркәсіп министрлігіне полимер өнімдерін одан әрі өңдеуге арналған жобалардың нақты пулын ұсынуды тапсырды.
Еске салайық, бұған дейін Бектенов қайта өңдеу саласындағы жаңа жобалардың тізбесін ұсынуды тапсырғаны туралы жаздық.