Олимпиада: Бүгін спортшыларымыз екі спорт түрінен жарыс жолына шығады

Олимпиада: Бүгін спортшыларымыз екі спорт түрінен жарыс жолына шығады
Фото: Тұрар Қазанғапов

Милан-Кортина Олимпиадасының үшінші күні төрт отандасымыз екі спорт түрінен өнер көрсетеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

9 ақпан

20:00 Конькимен жүгіру. 1 000 м, әйелдер (Надежда Морозова, Елизавета Голубева)
23:00 Шаңғымен тұғырдан секіру. Орташа трамплин, ерлер (Илья Мизерных, Данил Васильев)

Еске салсақ, кеше отандық биатлоншылар мен шаңғышылар жарыс жолын жүлдесіз аяқтады.