Олимпиада-2026: мәнерлер сырғанаушы Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада бесінші орын алды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылғы Олимпиада ойындары аясында өткен қысқа бағдарламада бесінші орынға ие болды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Өз өнерінен кейін қазақстандық спортшы жарыс барысында толқуын жеңе алғанын айтты.
«Бұл мені өте қатты қобалжытты. Өйткені бұл - әлем чемпионаты емес, Олимпиада ойындары. Сондықтан психологиялық тұрғыдан оңай болған жоқ. Соған қарамастан, өзімді қолға алып, толқуды жеңе алдым. Бағдарламаны артық күш салмай, өз мүмкіндігіме сай, таза сырғанауды мақсат еттім. Нәтижесінде бәрі ойдағыдай болды.
Жаттығуларда бәрін мінсіз орындап жүрдім. Бұл да нәтижеге оң әсерін тигізді. Барлық эмоцияны, ішкі сезімді жеңе алғаныма қуаныштымын. Енді демалып алуға уақыт бар. Содан кейін жарысты жалғастырамын», - деді спортшы.
Айта кетейік, ерлер арасындағы жекелей сайыста еркін бағдарлама 13 ақпанда өтеді.
Еске салайық, бұған дейін, нысана көздеуден Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан Азия чемпионатында София Шульженконың Делиде 2 алтын медаль жеңіп алғаны туралы жаздық.