Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында «Музыка тілінде» концерті өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің үрмелі аспаптар ансамблінің орындауында ұлттық музыка, әлемдік классикамен қатар, джаз және танго жанрларындағы туындылар шырқалды.
Кеште Клод Боллингтің флейта мен джаз фортепиано триосына арналған сюитасы және Ришар Гальяноның «Клодқа арналған танго» шығармасы орындалды.
Концертте қазақтың халық әндері алғаш рет ағаш үрмелі аспаптар квинтетіне лайықталып, тыңдарманға жаңаша әуезде ұсынылды.
«Музыка тілінде» кешінде қазақ әндері заманауи сипатта беріліп, ұлттық музыка әлемдік классика, джаз бен танго жанрларымен үйлесім тапты.