Мобильді салық бойынша кеңес: маңызды мерзімдерді өткізіп алмаңыз
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіруге бағытталған кәсіпкерлер үшін көшпелі іс-шараларды жалғастыруда, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Консультациялар кәсіпкерлерді салық режимін таңдау және қолданылатын салық режимі туралы хабарламаларды дұрыс беру туралы қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Бұл шаралар бизнеске салық қателіктерін болдырмауға және салық міндеттемелерін уақтылы орындауға көмектесуге арналған.
2026 жылдың басынан бастап департамент қызметкерлері елорданың Mega, Keruen, Sauran СҮ, Еуразия, «Аспан базар» басқа да ірі сауда орталықтарында кәсіпкерлермен 100-ден астам кездесу өткізді.
Кездесулер барысында мамандар арнайы салық режимін қолдану шарттарын және хабарламаларды беру тәртібін егжей-тегжейлі түсіндіреді.
Астана қаласы бойынша МКД қолданылатынсалық салу режимі туралы хабарламаны беру мерзімі 2026 жылғы 28 ақпанда аяқталатынын хабарлайды.
«Хабарламаны уақтылы беру және салық режимін дұрыс таңдау бизнестің табысты жұмыс істеуі үшін маңызды қадам болып табылады», - деп атап өтті департамент мамандары.
Еске салайық, бұған дейін салық есептілігін тапсыру мерзімі 16 ақпанда аяқталатынын жаздық.