Референдум-2026

Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалында жеңіске жетті

Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалында жеңіске жетті
Фото: olympic.kz

Астанада мәнерлеп сырғанаудан Челленджер сериясының «Денис Тен мемориалы-2024» халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Отандасымыз Михаил Шайдоров ерлер арасында қысқа бағдарламасымен 95,50 ұпай жинап, ең үздік нәтиже көрсетті.

Осылайша ол турнир жеңімпазы атанды.

Ал бір күн бұрын қазақстандық Софья Самоделкина Денис Тен мемориалының күміс жүлдегері атанды.