20.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Мемлекеттік қызметке іріктеу кезінде әділдік пен ашықтықты сақтау – қоғамның мемлекеттік аппаратқа деген сенімінің негізі

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Мемлекеттік қызметке іріктеу кезінде әділдік пен ашықтықты сақтау – қоғамның мемлекеттік аппаратқа деген сенімінің негізі

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан

Мемлекеттік қызмет жүйесінде кадрларды іріктеу мен орналастырудың әділдігі мен ашықтығы – қоғамның мемлекеттік аппаратқа деген сенімін қалыптастыратын басты қағидалардың бірі. Соңғы жылдары бұл үдерістерді цифрландыру бағытында елеулі жұмыстар жүргізіліп, конкурс өткізу е-Qyzmet жүйесі арқылы жүзеге асырылып келеді.

Алайда цифрлық форматқа көшу мемлекеттік органдардан жоғары деңгейдегі жауапкершілікті, техникалық және ұйымдастырушылық тәртіптің қатаң сақталуын талап етеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті жүргізген тексеріс нәтижесінде әкімшілік мемлекеттік лауазымға үміткердің онлайн-сұхбатқа қатысуы кезінде техникалық және ұйымдастырушылық кемшіліктерге жол берілгені анықталды. Атап айтқанда, үміткер жүйеге уақтылы қосылғанымен, техникалық үзіліс орын алып, кейін қайта қосылған сәтте комиссия хатшысының әрекеті нәтижесінде сессиядан шығарылған. Соның салдарынан үміткер сұхбатқа толыққанды қатыса алмаған.

Тексеру барысында анықталғандай, сұхбат уақыты ішінде техникалық жүйеден ақау тіркелмеген, яғни мәселе техникалық емес, ұйымдастырушылық сипатта болған. Сонымен қатар комиссия мүшелері тарапынан үміткерді қайта қосу мүмкіндігі пайдаланылмаған.

Қолданыстағы уақытша ережелерге сәйкес, үміткерлерді сұхбат кезеңіне негізсіз жібермеу немесе қатысуына кедергі келтіру конкурс өткізу тәртібінің бұзылуы болып саналады. Бұл мемлекеттік қызметке қабылдау процесінде тең мүмкіндіктер қағидатын бұзу болып табылады.

Тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік органның жауапты мемлекеттік қызметшісі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 99-бабы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сұхбаттасу қайта өткізіліп, бұзылған құқықтар қалпына келтірілді.

Мемлекеттік қызметке кадр іріктеу рәсімдерінің әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету — мемлекеттік аппараттың кәсібилігі мен қоғам сенімінің негізгі көрсеткіші. Сондықтан конкурс өткізу барысында әрбір үміткердің тең мүмкіндігін сақтау және электрондық жүйелердің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету — мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауындағы басты бағыттардың бірі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Астана қаласы бойынша департаменті

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗