Президент тапсырмасы бойынша жаңа мемлекеттік жүйелерді әзірлеу QazTech бірыңғай платформасында жүргізілетін болады
Елімізде мемлекеттік ақпараттық жүйелердің бірыңғай цифрлық платформаға кезең-кезеңімен көшуі басталды. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Оның айтуынша, бұл қызметтердің іске қосылуын жеделдетуге және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысының Жарлығымен осы жылдан бастап QazTech платформасынан тыс ақпараттық жүйелерді әзірлеуге тыйым салынады. Бұл ақпараттық жүйелердің қауіпсіз режимде іске қосылуын жеделдетуге және олардың интеграциялануын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Біз орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге ақпараттық жүйелердің QazTech платформасына көшуге дайындығына техникалық аудит жүргізуді тапсырдық. Биыл бұл мәселеге көбірек көңіл бөлінетін болады, - деп атап өтті Жаслан Мадиев.