Мемлекет басшысы Словакия Президентін Конституция күнімен құттықтады

Бүгін, 09:39
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Мемлекет басшысы Словакия Президентін Конституция күнімен құттықтады
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Словакия Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Пеллегриниді Конституция күнімен құттықтады.

Президент достық пен өзара түсіністікке негізделген Қазақстан-Словакия қарым-қатынасы алдағы уақытта да дәйекті түрде дамып, жаңа мазмұнмен толыға түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Пеллегринидің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Словакия халқына бақ-береке тіледі.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевті Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.