Астанада 17-18 қазан күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, табиғи шырындар, тосап, джем және басқа да өнімдерді сатып ала алады.
Қалалық жәрмеңке 17-18 қазан күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығында (Алаш тасжолы, 35Б) өтеді.
Келушілерге ыңғайлы болу үшін жәрмеңке өтетін орынға жақын маңда №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 автобус бағыттары қатынайды.