Меккеге жаяу аттанған астаналық полицияға алғыс айтты

Бүгін, 19:03
Думан Аманжол Думан Аманжол
Меккеге жаяу аттанған астаналық полицияға алғыс айтты
Фото: Polisia.kz/видеодан скрин

Астана тұрғыны Азамат Сәрсембай Меккеге жаяу қажылық сапарына шығып, жолда кездескен Ақмола облысының полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz police.kz-ке сілтеме жасап.

Саяхатшы шамамен 8 мың шақырымды жаяу жүріп өтуді жоспарлаған. Оның бағыты жеті мемлекеттің аумағын қамтиды.

«Астана – Петропавл тасжолында оны полиция экипажы байқап, жолаушының қауіпсіздігіне алаңдаған тәртіп сақшылары қолдау көрсеткен. Батальон командирі Ерлан Дарбаев бастаған қызметкерлер оған арнайы шағылыстырғыш кеудеше табыстады», делінген хабарламада.

Бұл кеудеше түнгі уақытта көрінуді жақсартып қана қоймай, жаңбырдан да қорғайды.

Азамат Сәрсембай полицейлерге шынайы ризашылығын білдіріп, олардың қызметіне табыс тіледі.

https://t.me/POLICE_of_KZ/16973

Еске салсақ, Астаналық полицейлер әйелдің өмірін сақтап қалды.