Медициналық кітапшаларды бақылау цифрлық форматқа ауыстырылды
Денсаулық сақтау министрлігі жеке медициналық кітапшаларды бақылауды цифрлық форматқа көшіріп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрлік e-SEN платформасында «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» сервистік бағдарламалық өнімін іске қосты. Жүйе автоматты режимде персоналдың жеке медициналық кітапшасының қолданылу мерзімін қадағалайды және жұмыс берушілерге жұмысқа рұқсаттың аяқталғаны туралы хабарлайды.
Жеке медициналық кітапшаларды бақылау барлық өңірде енгізілген санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың бірыңғай цифрлық жүйесінің бөлігі. Платформа санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен бизнесті бірыңғай цифрлық контурда біріктіреді. Ақпарат алмасу нақты уақыт режимінде жүзеге асырылады, қағаз құжат айналымы алынып тасталады.
Еске салсақ, 2025 жылы Медициналық кітапшалар электрондық форматқа ауыстырылды.