CTS компаниясының құрылыс жұмыстарын жүргізуіне байланысты Астана халықаралық әуежайы аумағындағы LRT «Әуежай» станциясының сыртқы кіреберісі уақытша жабылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кіреберіс шамамен 20-25 күнге жабылады. Бұл ретте әуежайдың 2-терминалын LRT станциясымен байланыстыратын жабық өткел жолаушылар үшін ашық болады.
«Жолаушыларға сапарын жоспарлау кезінде осы өзгерісті ескеріп, әуежайға алдын ала келу ұсынылады», – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 2035 жылға қарай елордада Tarlan Astana көлігінің үш бағытын іске қосу жоспарланып отырғанын жаздық.