Конституциялық Штаб енді аймақтарды аралайды - Айдос Сарым

Конституциялық Штаб енді аймақтарды аралайды - Айдос Сарым
Фото: видеодан скриншот/ Qazaqstan.tv

ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Айдос Сарым «Референдум–2026» онлайн-марафонына қатысып, Конституция жобасындағы өзгерістер жайлы пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

«Комиссия 1000-нан аса ұсынысты қарады. Әрбір ұсыныс білдірген азаматқа біз алғыс айтуымыз қажет. Тіпті ол сыни пікір білдірсе де. Себебі ол мемлекеттің болашағына бейжай қарап отырған жоқ. Осыны түсіндіріп, азаматтармен танысу мақсатында жақында штаб аймақтарды аралауды жоспарлап отыр», - дейді Айдос Сарым.

Еске салайық, бұған дейін «Референдум-2026» онлайн-марафоны басталғаны туралы хабарладық.